Басты бет Оқытушылар Тастемирова Бактыгуль Ельденовна

Тастемирова Бактыгуль Ельденовна


Лектор
«Биохимиялық инженерия» кафедрасы

Ауыл-шаруашылығы ғылымдарының магистрі

email: tastemirovab@mail.ru



Кәсіби тәжірибе

Тастемирова Бактыгуль Ельденовна 1988 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтына түсіп, 1994 жылы аталған институтты аяқтаған, «Арнайы және техникалық пәндер бойынша кәсіптік оқыту» мамандығын  бітіріп шықты. Біліктілігі – инженер-педагог. Университетті бітіргеннен кейін  1994 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақ   ауылшаруашылық институты "Азаматтық қорғаныс" кафедрасына оқытушы болып қабылданды.

2012-2014 жыл аралығында  Қазақ ұлттық аграрлық университеті Инженерлік факультетінде 6М080600-«Аграрлық техника және технология» мамандығы бойынша  магистратураны оқып, аяқтады. Магистратураны яқтаған кейін «Аграрлық техника және технология» кафедасында аға оқытушы қызметін жалғастырды.

 «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығында оқитын 1-4 курстар студенттерімен тәлімгер-эдвайзер  жұмысын атқарды.

2014-2015 оқу жылда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің білім беру деңгейлері 6 кластер бойынша білім беру бағдарламаларын ұлттық мамандандырылған аккредиттеуге дайындау және өткізу мақсатында 5В073100, 6М073100-«Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша өзіндік есеп дайындауға жауапты болды.

 2017 жылы "Ұлттық тестілеу орталығы" РМҚК келісім-шарт негізінде 5В073100- «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығын ӨЖСБ бағалауға арналған 200 сұрақ көлеміндегі тестлерді дайындады және 5В080600- "Аграрлық техника және технология" мамандығына дайындалған тест сұрақтарына сарапшы болды.

2014 жылдан бастап 5В073100, 6М073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша жұмыс оқу жоспары және бағдарламалары жөніндегі комитет мүшесі. 5В073100, 6М073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша мемлекеттік аттестациялау комиссиясының техникалық хатшысы. 5В073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығы бойынша кешенді мемлекеттік емтиханға оқу бағдарламасын,  6М073100 - «Қоршаған ортаны қорғау және өміртіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығына оқуға қабылдауға арналған оқу бағдарламасын дайындады.

2018-2021 жыл аралығында  Қазақ ұлттық аграрлық университеті «Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультетінде 6D080500 – «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы бойынша PhD докторонтурасын оқып, аяқтады.

Sсopus базасына кіретін Халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланған ғылыми еңбектер 1, Қазақстандық басылымдардағы жарияланымдары, РИНЦ базасына кіретін мақала-5, жарық көрген 42 ғылыми мақаласы бар: 5 әдістемелік нұсқаудың,  1 оқу құралының және 1 патенттің   авторы.

17.10.2019 ж. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті «Жаратылыстану-ғылыми пәндер» кафедрасына аға оқытушы лауазымына қабылданып, қызмет атқарады.2020 жылдан ХИТУ –ң  "Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі"мамандығы бойынша  БЖ-20-1 к/р тобына тәлімгер-эдвайзер.

Қазіргі уақытта докторлық диссертация тақырыбында  " Тобыл өзені алабындағы су жинау аймағына шекті-техногендік жүктемені геоэкологиялық негіздеу " ғылыми- зерттеулері жүргізілуде.

Білім беру процесінде студенттердің жалпы және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту үшін сыныптан тыс жұмыстармен бірге сабақтарды өткізудің белсенді және интерактивті формаларын игеру.

Біліктілікті арттыру

- Варшава жаратылыстану ғылыми университеті -12.05-05.06.2019 ж.

- 08.17.-09.05.2022 ж. – Алматы, «DIGIS AV» ЖШС – Университетте техникалық пәндерді оқытудағы заманауи ақпараттық-білім беру технологиялары: Интерактивті оқыту

-17.10-10.11.2022 ж - Алматы, ҚазҰАЗУ- Тұрақты ауыл шаруашылығына арналған трансдисциплинарлық зерттеу әдістері

 

Білімі

1988 - 1994 Қазақ ауылшаруашылық институты. Арнайы және техникалық пәндер бойынша кәсіптік оқыту.

2012 - 2014 Қазақ ұлттық аграрлық университеті. 6М080600-«Аграрлық техника және технология» .

2018 - 2021 Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті. 6D080500 – Cу ресурстары және суды пайдалану.

2019 - 2019 Варшава жаратылыстану ғылымдары университеті, Польша. ғылыми тағылымдамадан өту .

Жарияланымдар

1. Козыкеева А.Т., Мустафаев Ж.С., Тастемирова Б.Е. Особенности формирования гидрологического режима водосбора бассейна реки Тобол // МЕЛИОРАЦИЯ И ВОДНОЕ ХОЗЯЙСТВО / Материалы Всероссийской научно-практической конференции  с международным участием (Шумаковские чтения) « Инновационные технологии мелиорации,  водного и лесного хозяйства Юга России». – Новочеркасск: Издательство Лик, 2018.-Выпуск 16. - Часть 1. -  С.173-178.

2. Козыкеева А.Т., Мустафаев Ж.С., Тастемирова Б.Е. Гидрологическая оценка водных ресурсов водосбора бассейна реки Тобол //Материалы международной  научно-практической конференции «Мелиорация земель – неотъемлемая часть восстановления и развития АПК нечерноземной зоны Российской Федерации». –Москва, 2019.- С. 454-459.

3. Козыкеева А.Т., Мустафаев Ж.С., Тастемирова Б.Е. Оценка гидрохимического режима  стока   водосбора бассейна реки Тобол //Сборник научных трудов по материалам Международной научной экологической конференции  «Отходы, причины, их образования и перспективы использования».- Краснодар: КубГАУ, 2019.-С. 396-399.

4. Тастемирова Б.Е, Козыкеева А.Т., Мустафаев Ж.С. Формирования гидрологического режима водосбора бассейна реки Тобол // Сборник материалов XXIІI международной научно-практической конференции  молодых ученых и студентов «Научная молодежь в аграрной науке: достижения и перспективы» в рамках проведения года Молодежи Республики Казахстан. –Алматы, 2019.-С.188-194.

5. Козыкеева А.Т., Jozef Mosiej, Тастемирова Б.Е. Комплексная  оценка гидрохимического режима стока водосбора бассейна реки Тобыл// Исследования, результаты, 2019.-№1.- С. 97-103.

6. Рузиева А.М., Қалым Қ., Тастемирова Б.Е. Пестицидтермен ластанған ағынды суды тазартудың әдістерін негіздеу//Қазақстан жоғары мектебі. - 12.05.2017. - Б. 215-219. - ISSN 1560-1749.

7. Кулманов  Н.Б., Қалым Қ., Тастемирова Б.Е. Алматы қаласын литосфералық табиғи құбылыстардың салдарынан қорғау сенімділігін арттыру шараларын негіздеу//Қазақстан жоғары мектебі. - 12.05.2017. - Б. 210-215. - ISSN 1560-1749.

8. Мустафаев Ж.С., Козыкеева А.Т., Арвидас Повилайтис, Альдиярова А.К., Калмашова А.Н. Геоэкологическая оценка водосбора бассейна реки Есиль в условиях Антропогенной деятельности // Исследования, результаты, 2018.-№3(79).-С.101-112.

9. Kozykeyeva A.T., Mustafayev Zh.S., Tastemirova B.E., Jozef Mosiej specific features of flow formation and water use in the catchment areas in the Tobol river basin // News of the national Academy of sciences of the republic of Kazakhstan series of geology and technical sciences, Volume 3, Number 447 (2021) –Р. 89-94.

10. Тастемирова Б.Е., Ф.У., Турсбекова Г.Ж., Байзакова Ж.С., Утегалиева Ф.У. Ірі қара малды сою технологиясын жетілдіру әдістері //Труды Международной научно-практической  конференции: «Новый Казахстан – изменение парадигмы развития страны: высокая культура и образование». – Алматы: КазИТУ, 2022. – С.288-295.

11. Tastemirova B.E Measuring instruments and control of measuring equipment in food products //Materiały XVII Międzynarodowej naukowi-praktycznej konferencji , «Wykształcenie i nauka bez granic - 2022» , Volume 3 Przemyśl: Nauka i studia – 2022.-Р. 33-36.

12. Тастемирова Б.Е., Сансызбаева А.Өлшеу құралдары және тамақ өнімдеріндегі өлшеу жабдықтарын бақылау //Труды Международной научно-практической конференции «Духовное возрождение культуры, образования, науки в период глобализации»- Алматы: КазИТУ, 2023. -С. 150-156.

13.Жасталапова А.Т., Сатыбалды Е. С., Қалым Қ., Тастемирова Б.Е. Алматы қаласының азаматтық қорғау органдарына өртке қарсы жұмысты жақсарту бойынша халықтың арасында үгіт-профилактикалық жұмыс жөніндегі ұсыныстар// Материалы Международного научно-методического журнала 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA». Глобальная наука и инновация 2023: Центральная Азия» № 1(19). Астана, 2023.-С.60-65.

 

Оқылатын пәндер


Сабақ кестесі

Ашық сабақтар