2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – Халықаралық инженерлік-технологиялық университеттің «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының лекторы.
2011 - 2015 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. "6В01506 - Информатика" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі.
2016 - 2018 Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті. "7М01507 - Информатика" мамандығы бойынша магистр дәрежесі.
Білім беру платформаларының пайдаланушы интерфейсінің ыңғайлылығын бағалау – студенттер мен оқытушылардың цифрлық білім беру жүйелерімен өзара әрекеттесуінің тиімділігін, түсініктілігін және қолайлылығын зерттеуге бағытталған ғылыми бағыт болып табылады. Осы зерттеу аясында интерфейстің юзабилити деңгейіне кешенді талдау жүргізіледі, навигациялық құрылым мен визуалды иерархия бағаланады, пайдаланушылардың когнитивтік жүктемесі зерттеледі, сондай-ақ интерфейстің әртүрлі пайдаланушы санаттары мен құрылғы түрлері үшін бейімделгіштігі мен қолжетімділік деңгейі анықталады.
«Бәсекеге қабілетті маманды дайындау-заманауи білімнің мақсаты» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдық жинағы, «Информатиканың базалық курсында ақпараттық және ақпараттық үрдістерді оқытудың ерекшеліктері», Алматы қаласы , 2017 жыл, 177 бет
Оқу құралы «Алматы қаласы Академиясының интеграцияланған ақпараттық жүйесі», Алматы, 2019 ж., ҚазИТУ- 73 бет
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Техникалық ғылымдар және технологиялар сериясы, «Жылу энергетикасы нысандарындағы конвейерлік желіні автоматтандырылған басқару жүйесін әзірлеу», Астана қ., 2023 ж., № 3/2023, 111-бет.
Net негізінде объектіге - бағдарланған бағдарламалауды заманауи технологияларын оқу.Visual Studio ортасында бағдарламалау негіздері. Windows-қа арналған және деректер қорымен жұмыс істейтін қосымшаларды құру сұрақтары. Бағдарламалардың күрделілік мәселелерін шешу. Объектілер жиынтығы ретінде елестету.
Пәннің мақсаты – қазіргі заманғы объектілі-бағытталған бағдарламалау технологиясы бойынша студенттің практикалық дағдыларын қалыптастыру. Курсты аяқтағаннан кейін студент объектілі-бағытталған бағдарламаларды бағдарламалау және жөндеу, сонымен қатар тиімділікті бағалау және бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді басқару процестерін әзірлеу және талдаудың ең қолайлы технологиялық тәсілдерін таңдау мүмкіндігіне ие болады.
Пәннің мақсаты – Python тілінде бағдарламалаудың негізгі ұғымдарын меңгерту. Курста айнымалылар, деректер типтері, шартты операторлар, циклдер, функциялар және негізгі алгоритмдер қарастырылады. Оқу нәтижесінде студенттер бағдарламалар құру, есептерді алгоритмдік түрде шешу және Python тілін практикалық міндеттерде қолдану дағдыларын қалыптастырады.
Пәннің мақсаты сандық өнімдерді құру, сайттар мен мобильді қосымшалардың сыртқы түрін дамыту, пайдаланушы тәжірибесін жобалау және мақсатты аудиторияны талдау бойынша білім, дағдыларды игеру. Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы қолданыстағы интерфейстерді талдайды немесе нөлден жобаланған өнімдерге зерттеу жүргізеді, пайдаланушы тәжірибесін, интерфейстердің сапасы мен ыңғайлылығын бағалауды зерттейді, өнеркәсіптік ақпараттық жүйелердің графикалық пайдаланушы интерфейсін әзірлейді.