Басты бет Оқытушылар Оразбаев Серик Ауелбекович

Оразбаев Серик Ауелбекович


Профессор
«Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасы

Ауыл-шаруашылығы ғылымдарының докторы


Кәсіби тәжірибе

2011–2019 «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының меңгерушісі, ҚазҰАУ

2009–2011 ҚазҰАУ экология кафедрасының меңгерушісі

2001–2009 ҚазҰАУ агробиология және өсімдіктерді қорғау факультетінің деканы.

1997–2001 Қазақ ауыл шаруашылығы институтының өсімдік шаруашылығы кафедрасының профессоры.

1995–1997 Қазақ ауыл шаруашылығы институтының өсімдік шаруашылығы кафедрасының аға ғылыми қызметкері.

1984–1995 Қазақ ауыл шаруашылығы институтының өсімдік шаруашылығы кафедрасының доценті.

1980–1983 Қазақ ауыл шаруашылығы институтының агрохимия кафедрасының аспиранты

1977–1980 ж.ж. «КазГипроЗем» жобалау институтының кешенді зерттеу бөлімінің топырақ инженері.
Білімі

1972 - 1977 ҚАЗҰАЗУ. Топырақтану агрохимиясы.

1981 - 1983 ҚАЗҰАЗУ. Агрохимия.

1993 - 1995 ҚАЗҰАЗУ. 060112 - Жем өндірісі.

Ғылыми қызығушылықтары

1. BR10865099 «DSSAT ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуі мен дамуы моделін бейімдеу негізінде негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіру үшін шешім қабылдау жүйесін құру, Smart-технологиялар негізінде мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді басқарудың интеграцияланған жүйесін әзірлеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілері үшін агротехнологиялар бойынша ғылыми-техникалық құжаттаманың ақпараттық базасын қалыптастыру арқылы ауыл шаруашылығында Smart-жүйелерді құру» 2021–2023 жж.

2. Жетекші: «Қазақстанның оңтүстік-шығыс жағдайында жоңышқа зиянкестері мен ауруларына қарсы биопрепарат әзірлеу». ҚР ҒЖБМ жобасы.

3. Жетекші ғылыми қызметкер: «Ауыл шаруашылығы өнімдерін органикалық өндіру мен қайта өңдеудің жаңа технологияларын әзірлеу». ҚР ҒЖБМ жобасы.



Жарияланымдар

1.Оптимизация минерального питания кормовые культур на орошаемых почвах Юга -востока Казахстана:-Алматы,1997  кітап

2. Научные основы питания кормовых культур и приемы повышения их продуктивности на орошаемых землях юга и юго-востока Казахстана.06.01.12-кормопроизводство и луговодство.06.01.04-агрохимия [Текст] : автореф.дис.на соиск.учен.степ.д-ра с.-х.наук / Серик Ауелбекович Оразбаев ; Каз.гос.аграр.ун-т (Алматы). - Алматы, 1999. - 42 с. -

 

Оқылатын пәндер


Органикалық тынайтқыштар мен топырақтың құнарлылығын көбейту

Пәннің мақсаты студенттерге топырақ құнарлығын арттыруға үйрету, ұтымды және тиімді пайдалану үшін қажетті органикалық тыңайтқыштармен топырақ құнарлығы туралы білімдерін қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студент агробиоценоздардың жаңартылатын ресурстарын минералды және органоминералды тыңайтқыштармен бірге пайдаланудың әсерін бағалау үшін далалық тәжірибелермен және өндірістік жағдайлармен танысады және дағдыларды меңгереді.

Азық-түлік өнімдерін сертификаттау және сапасы

Пәнді игерудің мақсаты тамақ өнімдері мен азық-түлік шикізатын стандарттау мен сертификаттауды зерттеу болып табылады. Пән мал және өсімдік тектес азық-түлік өнімдері мен ауыл шаруашылығы шикізаттарының қауіпсіздігін қарастырады. Оқыту нәтижесінде білім алушы тамақ өнімдерін радиологиялық бақылау, бактериологиялық бақылау, токсикологиялық, паразитологиялық, микробиологиялық, ветеринариялық-санитариялық бақылау кезінде қатысуға, тамақ өнімдерінің сапасын бақылау әдістерін қолдануға қабілетті болады.

Еіншілік

Пәнді игерудің мақсаты-егістік жерлерді ұтымды пайдалану, олардың құнарлылығын арттыру және эрозиядан қорғау бойынша құзыреттіліктерге сәйкес студенттердің білімін, дағдыларын қалыптастыру. Пәнді оқу нәтижесінде студент егіншіліктің дағдылары мен ғылыми негіздерін және жерді эрозия мен дефляциядан қорғаудың агротехникалық негіздерін үйренеді. Студент алған білімдерін одан әрі дипломдық жұмысты жазу, ғылыми мақалаларды, баяндамалар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының презентацияларын дайындау кезінде, практикалық және зерттеу қызметінде қолдана алады.

Сабақ кестесі

Ашық сабақтар