2002 - 2004. Оқытушы, Зерттеуші, тағылымгер, әл - Фараби атындағы ҚазҰУ
2005 - 2016. Ассистент, оқытушы, аға оқытушы, Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ
2016 жылдан бастап Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде лектор
07.09.15 - 18.09.15. «Повышение психолого-педагогической компетености преподавателя», «SIRIUS» Тренинг центрі, Алматы
«Жоғарғы оқу орындарында Қазақстан тарихын оқытудағы жаңа технологиялар мен әдістерді қолдану», Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы, Алматы
28.10.15 - 10.11.15. «Педагогика высшей школы», Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты. Ресей СІМ., Москва
28.03.16 - 08.04.16. «Білім беруде коучинг технологиясын қолданудың ерекшеліктері», «SIRIUS» Тренинг центрі, Алматы
2018. «Жоғарғы оқу орындарында білім беруде жаңа технологиялар мен әдістерді қолдану», Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы, Алматы
2019. Жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіндегі жаңа әдіс-тәсілдер, Білім және жаңа инновациялық технологиялар орталығы, Алматы
1995 - 2000 әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. "5B02205 Тарих" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі.
2000 - 2002 әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті. "7M01601 Тарих" мамандығы бойынша магистр дәрежесі.
1."Жоғарғы оқу орындарында педагог - тарихшыларды даярлау саясаты" тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы
2."Орталық ғылыми кітапхананың қалыптасу тарихы және дамуы (1932-2021 жж)
2016. Еліміздегі педагогикалық оқу орындарында білім беру жүйесі.//«Қазақ өркениеті: өткені, бүгін, болашағы» Халықаралық ғылыми-теориялық конференция.
2017. Халықаралық Сәтбаев оқулары// Қазақстандағы зерттеу орталығының қызметі
Жоғары оқу орындарындағы тәрбие беру жұмыстарының жүргізілуі// Отан тарихы (электрондық журнал)
Қазақстанда мұражай ісінің қалыптасуы// Отан тарихы (электрондық журнал)
2018. Жоғары оқу орындарында жастарға патриоттық тәрбие беру қызметі// Қазақ тарихы журналы
Туған өлкені зерттеген ғалымдар //ҚазИТУ Хабаршы
Қазақ өлкесін зерттеуге этнограф ғалымдардың қосқан үлесі// ҚазИТУ Хабаршы
2020. Рухани жаңғыру аясындағы білім беру сапасын жақсарту //Рухани жаңғыру ұлт сапасы жане білім беру. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 25 қараша 2020 ҚазИТУ
2021. Рухани жаңғыру аясындағы жастарға тәрбие беру мәселесі //Ментальное духовное возрождение казахской культуры,науки и образование (за годы независимости Казахстана 1991-2021 гг) Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 7 желтоқсан 2021
«Мәдениеттану» курсы мәдениет теориясының жалпы мәселелерін, жетекші мәдениеттанулық ұғымдарды және мәдениетті қалыптастыру мен дамытудың механизмдерін, әлемдік және қазақстандық мәдениеттің қалыптасуы мен дамуының негізгі тарихи кезеңдерін және олардың ең маңызды жетістіктерін қарастырады. Ғылыми мазмұн және мәдени проблемаларды талдау туралы идеяларды қалыптастырады; қазіргі заманғы мәдениеттанудың негізгі әдістемелік және теориялық ережелерін студенттердің меңгеруіне ықпал етеді.
Пәнді оқу білім алушыға Қазақстан тарихын терең және тұтас қабылдауға, фактілер мен дәлелдемелерге, жазбаша, археологиялық дереккөздерге және ғылыми талдауға негізделген шынайы тарихты көркем әдебиет пен миф шығармашылықтан ажырата білуге, ұлттық басымдықтарға, сын-тегеуріндер мен уақыттың шынайылығына сәйкес үйлесімді тарихи сана мен дүниетанымдық қағидаттарды қалыптастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді; тәуелсіз қазақстандық тарихтың қалыптасуының тарихи негіздері мен кезеңдері дүниежүзілік және еуразиялық тарихи үдеріс контексіндегі мемлекеттілік; қазақстандық даму моделінің имманентті артықшылықтарын, ерекшеліктері мен маңызын объективті және жан-жақты түсіну; Тарихи өткеннің жекелеген құбылыстары мен оқиғаларын адамзат қоғамының дүниежүзілік-тарихи дамуының жалпы парадигмасымен байланыстыру.
Әлеуметтану әлеуметтік жағдайдағы адамзат қоғамын және адамның мінез-құлқын зерттейді. Азаматтардың өміріне әсер ететін әлеуметтік қиындықтарды нақты түсінуге және түсіндіруге, әлеуметтік саладағы қақтығыстарды анықтауға және оларды шешу жолдарын табуға мүмкіндік береді. Гуманитарлық білім саласындағы студенттердің тәуелсіз сараптамалық ойлау дағдыларын қалыптастырады, қоғам үрдістері байланысты ұтымды тәсілдерді меңгеру және пікір айтуға дағдыландырады.