10 мамыр, 2017                   4545
          
          
            ҚазИТУ-да 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр - Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті
          
          
          
            Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде  7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр - Жеңіс күніне арналған салтанатты жиын өтті. Жиынға еңбек ардагерлері, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты. Мерекені ҚазИТУ ректоры Н. М. Темірбеков құттықтау сөзбен ашты. Университет оқытушылары мен студенттері арнайы бағдарлама дайындап,  патриоттық әндер, өлеңдер, тілектер айтылды.