15 май, 2017                   4537
          
          
            ҚазИТУ-да «Үздік эдвайзер-2017» байқауы өтті
          
          
             
           
          
            12 мамыр 2017 жылы эдвайзер жұмысын қолдау, тәжірибе аламасу және оларды ынталандыру мақсатында Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде тұңғыш рет «Үздік эдвайзер-2017» байқауы өтті. 
Байқау ережесі бойынша 1-ші турдан жоғары ұпай жинаған эдвайзерлер кафедра мәжілісінің шешімі бойынша іріктеліп, финалдық кезеңге өтеді. Ақтық кезеңге өткен эдвайзерлер: 
1.Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, РЭТ мамандығының 1- курс студенттерінің эдвайзері – Жақанова Сая Рымғалықызы. 
2. ҚазИТУ колледжінің РиС 1- курс  қазақ  тобының студенттерінің эдвайзері – Маемгенова Айгүл Джұмадуллақызы. 
3. Экономика және қаржы кафедрасының оқытушысы, экономика және қаржы мамандығы 1 курс студенттерінің эдвайзері Жусипова Макпал Шермаханбетовна 
4. Экономика және қаржы кафедрасының оқытушысы, есеп және аудит, қаржы мамандығы 2- курс студенттерінің эдвайзері Кайырбекова Мадина Нурлыбековна. 
Байқауға қатысушы эдвайзерлердің жұмыстарын саралап, әділ баға бере білген қазылар мүшелері: 
1. Қазылар алқасының төрайымы, университетіміздің ғылым, оқу және тәрбие жөніндегі проректоры Сәрсенбекова Гүлнар Әлібекқызы. 
2. «Нұр Отан» Бостандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі - Токкожаев Бекежан Бримжанов. 
3. ҚазИТУ колледжінің директоры- Шалабаева Майра Құсайынқызы. 
4. Эдвайзер кеңесінің төрағасы – Зоржанов Берік Доктарханұлы. 
5. Жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының меңгерушісі, оқу-әдістемелік кеңестің төрағасы – Атагельдиева Ляйлим Жүнісбекқызы. 
6. Студенттер үйінің меңгерушісі-Молдахметова Жанаргул Баяхметқызы. 
7. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті заң факультетінің студенттік деканы- Еркебұлан Оразұлы. 
Байқауды университет ректоры Темірбеков Нұрлан Мұқанұлы байқауға қатысушы эдвайзерлерге сәттілік тілеп, құттықтау сөзімен ашты. Одан әрі жалғасқан финалдық сайыс 3 тапсырмадан тұрды:  
 
1. «Эдвайзер студент көзімен» -  байқауға қатысушы эдвайзерлер туралы студенттерден алынған сауалнама қорытындысы. 
2. Топ (оқу, ғылым, тәрбие саласындағы) жетістіктерін мультимедиялық презентация түрінде таныстыру. 
3. Эдвайзердің студенттік тобымен дайындаған шығармашылық жұмысы. 
ҚазИТУ-да тұңғыш рет ұйымдастырылған байқау ҚР Президенті Н. Назарбаетың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатындағы мақсат міндеттер мен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне арналды. Эдвайзерлер топтарымен дайындаған өз шығармашылық жұмыстарында осы тақырыптарды қамти білді. Байқауға 100-ге жуық студент қатысты. Қызықты да тартысты өткен байқауда Бас жүлдемен қатар, «Өнерлі  эдвайзер», «Креативті эдвайзер», «Тәжірибелі эдвайзер» номинацияларымен марапатталды. 
       Байқауға спонсорлық көмек көрсетіп, игі шараға қолдау көрсеткен азаматшалар:
 Тыл ардагері, ардагер ұстаз, Алтын алқа иегері Төлегенова Нәзікен мен Алматы қаласы бойынша  көшбасшы 100 әйелдер қатарына енген Гүлнәр Сарсенбековаға алғыс білдіреміз.