2024 жылғы 16
қарашада Алматы қаласындағы Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектепте жалпы білім
беру пәндері бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының қалалық кезеңі
өтті, оны «Алматы
дарыны» орталығы 2024 жылғы 6 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрлігінің №258 бұйрығы негізінде ұйымдастырды.
Байқауға қатысқан дарынды оқушылар өз жобаларын үш бағыт
бойынша ұсынды:
1. Экономикалық
өсудің негізі ретінде ғылыми-техникалық прогресс (физика, техника, жер және ғарыш
туралы ғылымдар);
2.
Экономикалық және әлеуметтік
үдерістерді математикалық модельдеу (математика, экономика, информатика);
3. Денсаулық пен
таза табиғи орта – "Қазақстан-2030" стратегиясын жүзеге асырудың
негізі (биология,
химия, қоршаған ортаны қорғау).
Байқау қатысушылары үшін ерекше оқиға
ретінде METU университетінің студенттері мен
өкілдері ұйымдастырған кәсіби бағдар беру кездесулері аталды. Оқушылар заманауи
білім беру бағдарламалары, оқытудың инновациялық тәсілдері және кәсіби өсу
перспективалары туралы ақпарат алды.
Кездесу барысында мектеп оқушылары университетке түсу
шарттары, оқу мүмкіндіктері және болашақ мансаптық перспективалар туралы
сұрақтар қойды. Іс-шара үлкен қызығушылық тудырып, қатысушылардың кәсіби
таңдауына елеулі үлес қосты.
METU жастарды қолдауды жалғастыра отырып,
олардың таланттарын ашуға және табысты болашаққа саналы түрде қадам жасауына
ықпал етеді.
Автор: Мусакызы Ж.