Главная Новости Болашақ бүгіннен басталады: Алматы қаласының №119 мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беру кездесуі
28 Қараша 2024                  2786
Болашақ бүгіннен басталады: Алматы қаласының №119 мектеп-лицейінде кәсіби бағдар беру кездесуі

2024 жылдың 28 қарашасында Алматы қаласының №119 мектеп-лицейінде университетіміздің маркетинг және кәсіби бағдар беру департаментінің менеджерлері түлектер сыныптарымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.

Кездесудің негізгі тақырыбы университетіміздің білім беру мүмкіндіктеріне арналды. Қатысушыларға қазіргі заманғы оқу бағдарламалары, дайындық бағыттары, оқуға түсу шарттары және мансаптық өсу перспективалары туралы айтылды. Университет мамандары оқушыларға сұранысқа ие мамандықтар мен еңбек нарығындағы трендтер туралы айтып, олардың болашағы үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді көрсетті.

Оқушылар белсенді талқылауға қатысып, өз армандары мен жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ оларды қызықтыратын кәсіби салаларға қатысты сұрақтар қойды. Мұндай кездесулер мектеп түлектеріне табысты мансап жолын құру үшін дұрыс таңдау жасауға көмектеседі.

Біз №119 мектеп-лицейінің басшылығына осы іс-шараны ұйымдастыруға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз және болашақта ынтымақтастығымызды жалғастыруға үміттенеміз. Мектеп түлектеріне алдағы емтихандарында сәттілік тілейміз және оларды болашақта біздің студенттер қатарынан көреміз деп сенеміз!     

https://www.instagram.com/p/DC6uTkysqOL/

Автор: Мусакызы Ж.