Главная Новости METU университеті Маңғыстау облысындағы робототехника орталығына айналды: «First Mangystau Regional Championship» нәтижелері
10 Декабрь 2024                  2697
METU университеті Маңғыстау облысындағы робототехника орталығына айналды: «First Mangystau Regional Championship» нәтижелері

Халықаралық инженерлік және технологиялық университет (METU) «First Mangystau Regional Championship» жарысының табысты өткенін мақтанышпен хабарлайды! Бұл бірегей іс-шараға талантты оқушылардың командалары қатысып, робототехника саласындағы қабілеттерін көрсетті, ерекше роботтар жасап, күрделі тапсырмаларды шешті.

METU ректорының грантын жеңіп алғандар:

  • Сабит Бақдәулет
  • Оғланбек Бексұлтан
  • Нұрымұлы Әлихан

Бұл қатысушылар чемпионатта үздік нәтиже көрсетіп қана қоймай, жеке сұхбатта да өздерін жоғары деңгейде көрсетті. METU жеңімпаздарды құттықтайды және болашақта сәттілік тілейді!

METU жастардың қабілеттерін қолдап, олардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашу арқылы инновациялардың және шабыттың орталығы болуды жалғастырады. 


https://www.instagram.com/reel/DDY2s2lMLvu/?igsh=MXhyMzZjNWExanRs

Автор: Мусақызы Ж.