Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) және OKBolashak білім беру кешені білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды.
Қол қою рәсімі METU ректоры Сарсенбекова Гульнар Алибекқызы және OKBolashak білім беру кешенінің директоры Асадуллина Анастасия Владимировна қатысуымен өтті.
Бұл келісім тараптардың білім беру бағдарламалары, оқушылардың дайындық деңгейін арттыру және жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін кеңейту бағытында өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
METU ректоры Гульнар Алибекқызы Сарсенбекова өз сөзінде абитуриенттерді Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) сапалы және жан-жақты дайындаудың маңыздылығын атап өтті.
OKBolashak өкілдері университетке қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.
Қосымша мүмкіндіктер:
Осы меморандум аясында OKBolashak білім беру кешенінің түлектері METU-де оқуға 20% жеңілдік алады.
Тараптар бұл ынтымақтастық білім беру саласын дамытуға оң ықпал етіп, болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыратынына сенім білдірді.
Автор: Мусақызы Ж.