Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) және Алматы қаласы Білім басқармасының «Алматы Дарыны» дарынды балаларды, талантты жастарды анықтау, қолдау, кәмелетке толмаған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау орталығы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қол қою рәсіміне METU ректоры Сарсенбекова Гүлнәр Әлібекқызы, «Алматы Дарыны» орталығының директоры Каримгажы Гүлнұр Нұрлановна, сондай-ақ орталықтың үйлестірушісі қатысты.
Бұл келісім дарынды жастарды қолдау, олардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту және білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында жасалды.
Ректор METU Сарсенбекова Гүлнәр Әлібекқызы меморандумның маңыздылығын атап өтіп, бұл бастаманың талантты жастардың болашағын дамытуға зор мүмкіндік беретінін айтты.
Каримгажы Гүлнұр Нұрлановна METU-ға қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіріп, бұл келісім дарынды балалар үшін жаңа білім беру перспективаларын ашатынын атап өтті.
Тараптар одан әрі ынтымақтастықты нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.
Автор: Мусақызы Ж.