Главная Новости METU «First Robotics Almaty Tech Cup 2025» байқауында жас таланттарды қолдады
24 Ақпан 2025                  818
METU «First Robotics Almaty Tech Cup 2025» байқауында жас таланттарды қолдады

2025 жылдың 20-23 ақпан аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» кешенінде Республикалық ғылыми-тәжірибелік «Дарын» орталығы Орталық Азиядағы USTEM Foundation қорымен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған «First Robotics Almaty Tech Cup 2025, Central Asia FIRST Championship & Drone Racing» атты робототехника бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) іс-шараның серіктесі ретінде талантты оқушыларды қолдап, робототехника және инженерлік технологиялар саласында ерекше қабілеттерін көрсеткен жас дарындарға қолдау білдірді. Байқау аясында METU ең перспективті қатысушыларға университетте білім алу үшін 6 ректорлық грант табыстады.

METU ректорлық грант иегерлері:

  • Артурұлы Рүстем
  • Сейтан Жанасыл
  • Бексұлтан Мұхамед
  • Жанат Елзат
  • Жанас Гауһар
  • Ережеп Ернұр

Байқауға 12 елден 2800 оқушы қатысты, олардың қатарында Қазақстан, Әзербайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Үндістан, Түрікменстан, Өзбекстан, БАӘ, Сауд Арабиясы, Тайвань және Марокко болды. Сайыс төрт категория бойынша өткізілді:

  • FIRST LEGO League Discover (4-6 жас)
  • FIRST LEGO League Explore (6-10 жас)
  • FIRST LEGO League Challenge (10-16 жас)
  • FIRST TECH Challenge (12-18 жас)

METU дарынды жастарды қолдау арқылы олардың инженерлік және техникалық дағдыларын дамытуға, сондай-ақ болашақ студенттердің армандарын жүзеге асыруына көмектесуге мақтанышпен үлес қосуда.

Автор: Мусакызы Ж.