Главная Новости Жастар көшбасшылығы: даму, мүмкіндік және жауапкершілік
27 Ақпан 2025                  3441
Жастар көшбасшылығы: даму, мүмкіндік және жауапкершілік

«Жаһандық студенттік көшбасшылық: дамуы, әсері, әрекеті» атты студенттік көшбасшылардың халықаралық форум аясында университет кітапханасында «Жаһандық болашақ және рухани әлем» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырылып, оған спикер ретінде Алматы қаласы саяси кеңесінің мүшесі,  «Жастар Рухы» ЖҚ төрағасы Ділдәбек Дидар Жұмағалиұлы қатысты. Кездесу барысында Ділдәбек Дидар Жұмағалиұлы қазіргі жаһандық мәселелер, рухани құндылықтардың маңызы және жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту тақырыптарына жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, студенттердің қоғамдағы белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі бастамалар мен жобалар туралы айтып, оларды осындай шараларға белсене қатысуға шақырды.Кездесу барысында қатысушылар өз ойларын ортаға салып, өзекті сұрақтар қойып, пікір алмасты. Бұл сессия студенттердің көшбасшылық қабілеттерін шыңдап, болашаққа деген сенімдерін арттыруға зор үлес қосты.