2025 жылғы 1 наурызда Международный инженерно-технологический университетінде (METU) «Идеяны монетизациялау» байқауы өтті. Іс-шара біздің серіктесіміз 1С компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – экономикалық және IT-мамандықтарды танымал ету, сондай-ақ 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттерінің талантты өкілдерін анықтау. Қатысушылар инновациялық жобалар мен стартап идеяларын ұсынып, өздерінің цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және бизнес-аналитика саласындағы әлеуетін көрсетті.
Іс-шара барысында METU және 1С сарапшылары жобаларды идеяның бірегейлігі, экономикалық тиімділігі, технологиялық орындалуы және стартаптың келешегі сияқты критерийлер бойынша бағалады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болып, жетекші компанияларда оқыту және тағылымдамадан өту мүмкіндігін алды.
METU жас кәсіпкерлер мен IT-мамандарды қолдауды жалғастыра отырып, талантты жастардың инновациялық идеяларын жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасауды мақсат етеді.
Автор: Мусакызы Ж.