Главная Новости METU республикалық олимпиада жеңімпаздарына білім гранттарын бөлді
03 Наурыз 2025                  941
METU республикалық олимпиада жеңімпаздарына білім гранттарын бөлді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №259 бұйрығына сәйкес, «Алматы Дарыны» орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында жыл сайын республикалық олимпиаданың кезеңін ұйымдастырады.

«Алматы Дарыны» дарынды балаларды қолдау, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі орталықпен жасалған ынтымақтастық меморандумы аясында Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша жеңімпаздарды (математика, физика, химия, биология, информатика, география) марапаттау үшін 6 білім грантын бөлді.

Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 1 наурызда өтті. Гранттар иегерлері 2025-2026 оқу жылында METU-ға түсуге мүмкіндік алды.

METU білім гранттарының иегерлері:

  1. Маулет Арсен
  2. Секей Ескендір
  3. Шарханов Жан
  4. Лю Ир Ми
  5. Сучков Кирилл
  6. Муханов Алихан

METU мен «Алматы Дарыны» орталығы арасындағы серіктестікті дамыту мақсатында бөлінген білім гранттары университеттің дарынды жастарды қолдауға және олардың академиялық жетістіктеріне ықпал етуге деген ұмтылысын тағы да дәлелдеді.

Автор: Мусақызы Ж.