Главная Новости Азық-түлік технологиясы саласындағы жетекші сарапшы Татьяна Николаевна Данильчук біздің университетте офлайн-дәрістер циклын өткізді
28 Ақпан 2025                  3440
Азық-түлік технологиясы саласындағы жетекші сарапшы Татьяна Николаевна Данильчук біздің университетте офлайн-дәрістер циклын өткізді

2025 жылғы 22 ақпан – 1 наурыз аралығында 6B07203 «Тағам өндірісінің технологиясы және инжинирингі» білім беру бағдарламасының студенттері техника ғылымдарының докторы, профессор Татьяна Николаевна Данильчуктың офлайн-дәрістеріне қатысу мүмкіндігіне ие болды. ФГБОУ ВО «Росбиотех» (Мәскеу, Ресей) университетінің тағам технологиясы және нутрициология саласындағы жетекші маманы студенттердің заманауи азық-түлік өңдеу және зерттеу әдістері бойынша білімдерін кеңейтуге бағытталған дәрістер циклын өткізді.

Курс аясында келесі тақырыптар қарастырылды:
Биотехнология негіздері және оның тағам өнеркәсібіндегі қолданылуы;
Шикізатты өңдеудің заманауи технологиялары – өнім сапасын арттырудың жаңа әдістері (магистранттарға арналған дәрістер);
 Азық-түлік өнімдерін талдаудың аспаптық әдістері – өнім сапасы мен қауіпсіздігін бақылаудың заманауи тәсілдері.

Оффлайн формат студенттерге пікірталастарға белсенді қатысуға, нақты мысалдарды зерттеуге және маманға тікелей сұрақтар қоюға мүмкіндік берді. Профессор Данильчуктың сапарының арқасында студенттер тағам өнеркәсібінде сұранысқа ие заманауи ақпарат пен озық әдістерге қол жеткізді.

Осындай білім беру бастамалары халықаралық ынтымақтастықтың дамуына ықпал етіп, студенттерге саладағы жетекші мамандардан білім алуға мүмкіндік береді.