Главная Новости METU «Монетизация идеялары – 2025» байқауының жеңімпаздарын қолдады
15 Наурыз 2025                  969
METU «Монетизация идеялары – 2025» байқауының жеңімпаздарын қолдады

2025 жылғы 15 наурызда Satbayev University қабырғасында Қазақстан мектеп оқушыларына арналған жыл сайынғы «Монетизация идеялары – 2025» интеллектуалды байқауының финалы өтті. Байқауды «1С Қазақстан» компаниясы ұйымдастырды.

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) іс-шараның серіктесі ретінде кәсіби бағдар жұмысы аясында екі үздік командаға 10 ректорлық грант тағайындады.

«Монетизация идеялары – 2025» байқауы мектеп оқушыларының кәсіпкерлік, IT және экономика саласындағы дағдыларын дамытуға бағытталды. Финалистер инновациялық жобаларын, креативті ойлауын және өз идеяларын монетизациялау қабілетін көрсетті.

METU болашақ студенттерді қолдауға және Қазақстан жастарының зияткерлік әлеуетін дамытуға үлес қосуға қуанышты!