Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры МИТУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мазмұнды шығармашылық кездесу өтті
17 Наурыз 2025                  295
МИТУ-да Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мазмұнды шығармашылық кездесу өтті

2025 жылғы 17 наурызда МИТУ-дың акт залында шығармашылық кездесу өтіп, оның барысында конструктивті диалог жүргізілді. Кездесуге Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы қаласындағы Түрікмен қоғамдық-мәдени орталығының төрайымы Гүлнар Аннақұлиева және Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының жетекші сарапшысы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Қоғамдық келісім комитетінің өкілі Айнұр Жақыпова қонақ ретінде шақырылды. Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылу тарихы, оның қызметі және АНК жұмысына елеулі үлес қосқан тұлғалар туралы сыр шертетін тамаша кітап көрмесі ұйымдастырылды. Г. Аннақұлиева мен А. Жақыпованың мазмұнды баяндамалары «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 30 жыл» атты мағыналы презентациялық материалдармен толықтырылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мәдени шараны «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері» кафедрасының оқытушылары: кафедра меңгерушісі, қауымдастырылған профессор Жаппасов Ж.Е., қауымдастырылған профессор Ахметжанова А.Т., қауымдастырылған профессор Шаймұханова С.Д. және ПИ-24-1.3р, ИТвЭЭ-24-1р, БИО-24-1р, РЭТ-24-1р білім беру бағдарламаларының студенттері ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар кездесуге қатысқан қонақтарға шынайы алғыстарын білдіріп, Наурыз мейрамымен құттықтады!