«Инженериядағы смарт технологиялар» кафедрасы баршаңызды көктемнің шуақты
мерекесі – Наурыз мейрамымен
құттықтайды!
Бұл күн – жаңару мен жақсылықтың,
бірлік пен берекенің, мейірім мен молшылықтың символы. Ұлыстың ұлы күні
әр шаңыраққа қуаныш, ырыс-береке,
молшылық пен бақ-дәулет әкелсін!
Наурыз – бұл табиғаттың оянуы, жаңа
өмірдің басталуы. Осы жарқын мерекеде жүректеріңіз мейірім мен жылылыққа толсын, әр күніңіз шаттық пен қуанышқа бөленсін. Туыстық байланыстар нығайып, достық
пен татулық арта берсін.
Ақ мол болсын, жыл берекелі болсын! Әрбір үйге құт-береке, бақ-дәулет орнап, еліміз аман,
жұртымыз тыныш, болашағымыз жарқын болсын!
Наурыз құтты
болсын!