Қазақ халқының ең сүйікті мейрамы – Наурызды біздің университет ерекше сән-салтанатпен атап өтті. Студенттер мен оқытушылар қауымы бірлесе отырып, киіз үй тігіп, ұлттық дәстүрлерді ұлықтады.
Шара барысында мәдени бағдарламалар мен өнер көрсетулер өтті. Қатысушылар ұлттық әндер мен билерді сахнада орындап, Наурыздың мән-маңызын паш етті. Сонымен қатар, мерекеге келген қонақтар қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татып, түрлі ойындар мен жарыстарға қатысуға мүмкіндік алды. Бұл мейрам достық пен татулықтың, жаңа бастамалардың символы ретінде атап өтілді.
Университеттің ұстаздары мен студенттері өзара жақсы тілектер мен құттықтауларын білдіріп, Наурызды үлкен қуанышпен тойлады. Бұл іс-шара ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, мәдени мұрамызды жаңғыртуға бағытталған ерекше мереке болды.
Наурыз мейрамы бізді бірлікке, достыққа және жаңа мүмкіндіктерге жетелейтін мереке болып, әрбір қатысушының жүрегінде жақсы естеліктер қалдырды.