2025 жылдың 19 наурызында Алматы технологиялық
университетінде «Компьютерлік инженерия» кафедрасының ұйымдастыруымен жоғары
оқу орындары арасында «Бағдарламашы» атты олимпиада өтті. Бұл сайыс IT
саласындағы болашақ мамандардың білімін, логикалық ойлау қабілетін және
бағдарламалау дағдыларын сынауға бағытталған.
Бұл олимпиада студенттерге өз білімдерін шыңдауға және
басқа оқу орындарының талантты жастарымен тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік
берді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз және алдағы уақытта да биік белестерді
бағындыруларын тілейміз!