21 наурыз
күні Алматы қаласының Президент саябағында Наурыз мейрамы салтанатты түрде атап
өтілді. Бұл іс-шараға Бостандық ауданының әкімі, Алин Санджар Мендыбаевич
қатысып, сөз сөйледі. Әкім өз сөзінде Наурыз мейрамының халықты біріктірудегі
рөлі мен көктемнің келуімен бірге жаңа өмір мен үміттің символы екенін атап
өтті.
Салтанатты шара барысында ХИТУ студенттері мен
оқытушылары ұлттық ойындар мен мәдени бағдарламалар ұсынды. Қала тұрғындары мен
қонақтары қазақ халқының дәстүрлерімен танысып, ұлттық тағамдардан дәм татып,
мейрамның ерекшелігін сезінді. Шарада өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өз
өнерлерін көрсетіп, ерекше көңіл-күй сыйлады. Бұл іс-шара студенттер мен
оқытушылардың бірлігін нығайтуға, ұлттық мәдениетімізді қадірлеуге, жастарға
ұлттық құндылықтарды түсінуге көмектесті.
Мейрам соңында қатысушылар Наурыз мерекесінің дәстүрлі
рәсімдеріне қатысып, мерекенің ерекшелігін бірге атап өтті. Бұл шара
университетінің студенттік өмірінің маңызды бөлшегі болып қала береді.