2025 жылдың 27 наурызы
күні "Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы" кафедрасында
ашық сабақ өтті. Аға оқытушы, техника ғылымдарының магистрі Джумабекова Гүлзира
Шабаевна студенттерге дәріс өткізді.
Бұл сабақ келесі білім беру
бағдарламаларының студенттері үшін ұйымдастырылды:
- 6B07203 - 6В07203 - Тағам өнімдерін
өндіру технологиялары және инжиринг;
- 6B07103 - Технологиялық машиналар және
жабдықтар;
- 6B07501 - Стандарттау және сертификаттау.
Сабақ "Стандарттау және техникалық өлшеулер" пәні
аясында "Өндірісті
метрологиялық қамтамасыз етудің мақсаттары мен міндеттері" тақырыбы
бойынша өтті.
Кафедра оқытушылары қазылар алқасы ретінде
бағалау жүргізіп, командалардың нәтижелерін анықтады:
1 орын – бірінші команда;
2 орын – үшінші команда;
3 орын – екінші команда.
Ашық сабақ достық және танымдық
атмосферада өтті, студенттердің практикалық дағдылары мен кәсіби
құзыреттіліктерін дамытуға ықпал етті. Джумабекова Гүлзира Шабаевнаға еңбегі үшін алғыс білдіреміз!