2025 жылғы 28 наурызда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласындағы математика, физика және информатика бағыты бойынша дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушыларына арналған кәсіби бағдарлау кездесуі және кампус-тур өтті.
Іс-шара барысында оқушылар METU университетінің білім беру бағдарламаларымен, оқу шарттарымен және студенттік өмірімен танысты. Университет өкілдері оларға сұранысқа ие инженерия және IT мамандықтары туралы айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Кампус-тур кезінде оқушылар заманауи аудиториялар мен зертханаларды аралап, университеттегі оқу және ғылыми зерттеу жүргізуге арналған жағдайлармен танысты.
METU болашақ студенттерді әрдайым қуана қарсы алады және олардың кәсіби әлеуетін ашуға мүмкіндік береді!
Автор: Мусақызы Ж.