2025 жылғы 29 наурызда «Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Карманов Дархан Қабдыкалықұлы "6В07103 – Технологиялық машиналар және жабдықтар" білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер үшін «Жаңа материалдар және аддитивті технологиялар бойынша технологиялық даму орталығы» ЖШС-де өндірістік тәжірибеге бағытталған сабақ өткізді.
«Гидропневматикалық машиналар және жетектер» мен «Теориялық механика» пәндері аясында студенттер гидропневматика саласындағы заманауи аппараттармен және техникалық шешімдермен танысты. Олар әртүрлі механизмдердің жұмыс принциптерін зерттеп, болашақ кәсіби қызметтерінде пайдалы болатын құнды практикалық білім алды.
Осындай сабақтар теориялық білім мен практикалық қолданудың байланысын нығайтуға ықпал етеді, сондай-ақ студенттердің кәсіби жұмыста қолданылатын озық технологиялармен танысуына мүмкіндік береді.