2025 жылдың 28 наурызында METU-дің «Биохимиялық инженерия» кафедрасында Нокербекова Н.К., PhD, доценттің жетекшілігімен гаплоидтық технологиялар мен өсімдіктерді клонирлеу әдістері бойынша мастер-класс өтті.
Гаплоидия құбылысы ашылғаннан бері биотехнологиялар жаңа сорттар мен будандарды жасау процесінде маңызды рөл атқаруда. Бұл технологиялар әсіресе ауыл шаруашылығында өнім көлемін арттыру және сапасын жақсарту мақсатында кеңінен қолданылуда.
Мастер-класқа тек студенттер ғана емес, сонымен қатар METU оқытушылары, Микробиология және вирусология институтының,
Генетика және физиология институтының,
Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институтының ғылыми қызметкерлері қатысты.