2025 жылдың 19 наурызында «Тағам өндірісінің техникасы
және технологиясы» кафедрасының эдвайзерлері Мажиева Э.М., Таутаева А.Т. және
Жомартқызы Т. «6В07203 - Тағам
өнімдерін өндіру технологиялары және инжиринг» және «6В07103 - Технологиялық машиналар және
жабдықтар» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері үшін Наурыз
мерекесіне арнап ашық эдвайзерлік сағат өткізді.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар Наурыз мерекесінің дәстүрлерімен танысып, оны атап өтуге белсене қатысты. Студенттер домбырада ойнап, халық әндерін орындап, Наурызға арналған өлеңдер оқыды, бір-бірін мерекемен құттықтады.
Эдвайзерлердің жетекшілігімен өткен бұл шара достық пен түсіністіктің, университеттік ортада бірліктің нығаюына ықпал етті.