07 Сәуір 2025                  380
МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ ГРАНТЫНА АУЫСУЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Халықаралық
инженерлік-технологиялық университеті әрқашан білімге және кәсіби дамуға
ұмтылған студенттерді қолдайды. Экономика және бизнес кафедрасы
қуанышты жаңалықпен бөліседі!
Шайхынова
Нұрай Қанатқызы, ТУР-23-1к
(кол) тобының студенті және Ким Светлана Сергеевна, ФИН-23-1р тобының студенті мемлекеттік
білім беру грантына ауысты! Бұл қуанышты
оқиға олардың табандылығының, үздік үлгерімінің және белсенді өмірлік
ұстанымының нәтижесі болды. Біз студенттерімізбен мақтанамыз және осы маңызды жетістікпен шын жүректен
құттықтаймыз! Кәсіби табыс
жолыңыз жеңіл және шабытты болсын, ал университеттегі жылдарыңыз жарқын болашаққа берік негіз болсын!