Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ студенттері ACCA олимпиадасының екінші кезеңіне өтті
08 Сәуір 2025                  397
МИТУ студенттері ACCA олимпиадасының екінші кезеңіне өтті

2025 жылғы 3 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (МИТУ) студенттері ACCA халықаралық кәсіби ұйымы ұйымдастырған «Бухгалтерлік данышпан» олимпиадасының 1-онлайн кезеңіне қатысты.

Қатысушылар бухгалтерлік есеп, қаржы және салық салалары бойынша терең білімін, аналитикалық ойлау қабілеті мен мұқияттылығын көрсетті. Олимпиада студенттерге өз кәсіби деңгейін дәлелдеуге және тәжірибе жинауға тамаша мүмкіндік берді.

«Есеп және аудит», «Қаржы» білім беру бағдарламаларының студенттері екінші кезеңге сәтті өтті!
Екінші тур 2025 жылғы 17 сәуірде МИТУ қабырғасында офлайн форматта өтеді.

ACCA олимпиадасының екінші кезеңіне өткендеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Өздеріңізге сенімді болыңыздар, табыстан таймаңыздар, келесі кезеңде жоғары нәтижелер тілейміз!