2025 жылғы 8 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) Павлодар қаласында өткен «Білімді Келешек – I» халықаралық білім көрмесіне қатысты.
Көрме Қазақстан мен шетелдің жетекші жоғары оқу орындарын, мектеп оқушыларын, колледж студенттері мен олардың ата-аналарын біріктірді. Іс-шараның мақсаты – жастарды жоғары білім берудің заманауи мүмкіндіктерімен таныстыру және мамандық таңдауға көмек көрсету.
METU өкілдері көрме қонақтарына университетте оқудың артықшылықтары, білім беру бағдарламалары, стипендиялық мүмкіндіктер, студенттік өмір және халықаралық бағыттар туралы айтып берді. Әсіресе оқушылар инженерлік, IT және технологиялық мамандықтарға ерекше қызығушылық танытты. Бұл бағыттар METU-де қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай ұсынылады.
Осындай көрмелерге қатысу университетке өңірлермен ынтымақтастықты нығайтуға, талапкерлердің географиясын кеңейтуге және сапалы инженерлік-технологиялық білімді ілгерілетуге мүмкіндік береді.
Автор: Мусақызы Ж.