Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры БИОИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ
08 Сәуір 2025                  422
БИОИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ ГЕНОМДЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ АШЫЛУЫ

2025 жылдың 8 сәуірінде METU-да биохимиялық инженерия кафедрасында Биоинформатика және геномдық зерттеулер зертханасының салтанатты ашылуы өтті.

Лентаны университет ректоры - Гүлнар Әлібекқызы Сәрсенбекова кесті. Іс - шараға Қытайдың жоғары білім жөніндегі консулы Хуан Сяомин, техника ғылымдарының докторы, Әзірбайжаннан келген Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Эфендиев Галиб Мамедович, сондай-ақ Ресей мен Малайзияның жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

METU докторанттарының көрме материалдары ұсынылды: Сейсенова Әйгерім "Алма ағашының негізгі ауруларына төзімділік гендері және алма ағашының жаңа сорттарын іріктеудегі тиісті маркерлер" зерттеуін көрсетті; Ташкенбаева Акерке "Базистік аналық жасушаларды жасау үшін шетелдік коллекциялардың Fragaria ananassa сорттарын отырғызу материалдарын сауықтыру"тақырыбында материалдар көрсетті. Дүкенбаева Бағдат "Тұқым банкінде одан әрі сақтау үшін dracocephalum ruyschiana L. дәрілік өсімдігінің тұқымын зерттеу" тақырыбы бойынша зерттеулер ұсынды. Филатов Иван "Нан ауруларының қоздырғыштарына қатысты сүт қышқылы бактерияларының коллекциялық дақылдарының антагонистік белсенділігін зерттеу"  тақырыбы бойынша көрме материалдарын ұсынды, ал Ормахаев Азамат "Бақша құлпынайларын енгізу"тақырыбы бойынша материалдарды көрсетті.

Сондай – ақ, "Биохимиялық инженерия" кафедрасының 2 курс студенттері - Тугеева Альфия және Казиев Анзор "Құс патогендерінің резистомының эпидемиологиясы және молекулалық биологиясы" ғылыми жобасының нәтижелерімен қатысып, зертхананың ашылуына қатысушылар мен қонақтардың қызығушылығын тудырды.

Зертхананың ашылуы университеттің ғылыми базасын дамытудағы және одан әрі инновациялық зерттеулерге жағдай жасаудағы маңызды қадам болды.