2025 жылғы 8-9
сәуірде METU-да "Ғылым-2025: жастар энергиясы" атты халықаралық
ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияға Малайзия Мара университетінің (Малайзия, UiTM), Оңтүстік Орал мемлекеттік университетінің (Челябинск қ., РФ), В.Н. Татищева атындағы Астрахан мемлекеттік университетінің(Астрахан қ., РФ), Әзірбайжан Мұнай және газ университеті (Баку қ.) жас ғалымдары қатысты.
Конференция
қатысушылар мен тыңдаушылар арасында қызығушылық пен қызу пікірталас
тудырды. Айта кету керек, баяндамалар арасында постерлік презентациялар да
болды, олар қатысушыларға зерттеудің белгілі бір аспектілерімен толығырақ
танысуға мүмкіндік берді.
"Ғылым-2025:
жастар энергиясы" конференциясы Жас ғалымдар жүргізетін ғылыми
әзірлемелердің жоғары деңгейін көрсетті және білім мен идеялармен алмасу,
сондай-ақ студенттер мен Биотехнология және биохимиялық инженерия саласындағы
мамандар арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды платформа болды.