Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ-де Ғылым апталығы – 2025 басталды!
08 Сәуір 2025                  222
МИТУ-де Ғылым апталығы – 2025 басталды!

8–11 сәуір аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде ғылым мен білім, өндіріс және дипломатиялық қауымдастық өкілдерін біріктіретін Ғылым апталығы өтуде. Бұл жыл сайынғы іс-шара ғылыми ынтымақтастықты дамытуға, жастар ғылымын қолдауға және инновациялық идеяларды ілгерілетуге бағытталған.

8 сәуірде, аптаның алғашқы күні, 4-секция: "Цифрлық экономика, қаржы және инновациялық бизнес-модельдер" жұмысы өтті.
Экономика және бизнес кафедрасының студенттері белсенді қатысып, цифрлық трансформация, тұрақты даму, заманауи қаржы технологиялары мен инновациялық кәсіпкерлік тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.

Студенттердің баяндамалары терең талдаумен, ғылыми негіздемемен және тәжірибелік маңыздылығымен ерекшеленіп, қатысушылардың қызығушылығын оятып, оқытушылар мен қонақтар тарапынан оң пікірлерге ие болды.Секцияға қатысу студенттерге зерттеушілік қабілеттерін көрсетуге, көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін алуға және Ғылым апталығы аясындағы ғылыми диалогқа үлес қосуға мүмкіндік берді.

Барлық қатысушыларды сәтті баяндамаларымен құттықтаймыз және ғылыми жолда жаңа табыстар тілейміз!