2025 жылдың 9 сәуірінде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде «Қазақстанда туризмді дамыту: дәстүрлер, табиғат, технологиялар» тақырыбында қонақ дәрісі өтті.
Қонақ ретінде шақырылған спикер – Шакенова Айша Ермековна, туризм магистрі, III санатты экскурсовод, ITRAVELERKZ туроператорының келу туризмі бөлімі жетекшісі. Өзінің мол тәжірибесі мен кәсібіне деген сүйіспеншілігінің арқасында ол нақты мысалдар мен тәжірибелік кеңестермен бөлісті.
«Туризм» мамандығының студенттері дәріске белсенді қатысып, сұрақтар қойып, пікір білдіріп, саланың заманауи трендтеріне ерекше қызығушылық танытты.
Бұл дәріс студенттер үшін тәжірибелік білім алаңы болды – теория мен нақты кәсіби тәжірибе түйісті. Дәріс аясында тұрақты туризм, технологияларды қолдану және шетелдік туристермен жұмыс істеу мәселелері талқыланды.
Іс-шараны ұйымдастырған — "Экономика және бизнес"
кафедрасы, ол студенттердің кәсіби дамуын қолдауға және сала мамандарымен тығыз байланыс орнатуға бағытталған.
Студенттер дәрістің мазмұнды әрі шабыт беретінін атап өтіп, осындай кездесулердің болашақ маман ретінде қалыптасудағы маңызын ерекше бағалады.
Айша Ермековна Шакеноваға мазмұнды дәрісі мен шабыт бергені үшін алғысымызды білдіреміз! Алдағы
уақытта да жемісті әріптестікке үміттенеміз!