Бүгін Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Ғылым апталығы аясында «Студенттік өзін-өзі басқарудың ғылымдағы рөлі» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттыру, олардың зерттеу дағдыларын дамыту және болашақ ғалымдарды қолдау мәселелері кеңінен талқыланды. Дөңгелек үстелге белсенді студенттер, клуб жетекшілері мен университет басшылығы қатысты.
Сонымен қатар, «Жас зерттеуші» байқауына қатысқан студенттерге арнайы ақшалай сыйлықтар табысталды. Жеңімпаздарға бір айлық шәкіртақы көлемінде марапат берілді.
Бас жүлде иегерлерінің бірі – Бекман Нұрай, «Кербез» қыздар клубының жетекшісі. Ол өзінің ғылыми жобасын сәтті қорғап, әділқазылар тарапынан жоғары бағаланды. Нұрай – тек клуб жетекшісі емес, сонымен бірге университеттегі жастардың дамуына ықпал етіп отырған тұлға. Оның бұл байқаудағы жеңісі – көшбасшылық пен ғылымды үйлестіре білудің нақты көрінісі.
Бекман Нұрай – ғылым мен қоғамдық өмірде кілтті рөл атқарып жүрген жас маман. Оның табандылығы, шығармашылығы мен жауапкершілігі студенттерге үлгі боларлық.