Главная Новости METU студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «Фараби әлемі» халықаралық конференциясында жүлделі орындарға ие болды
05 Сәуір 2025                  154
METU студенттері Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өткен «Фараби әлемі» халықаралық конференциясында жүлделі орындарға ие болды

2025 жылғы 3–5 сәуір аралығында Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) студенттері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) ұйымдастырылған «Фараби әлемі» студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

Аталған конференция жыл сайын Қазақстан мен жақын шетелдерден келген жас зерттеушілерді, студенттер мен магистранттарды біріктіріп, ғылыми жобаларды ұсынуға, өзекті зерттеу бағыттарын талқылауға және академиялық пікір алмасуға мүмкіндік береді.

METU атынан қатысқан студенттер ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, өзектілігі мен практикалық маңызы бар жобаларын сәтті таныстырды. Нәтижесінде:

  • Демеугалиева Мира — 2 орын
  • Туреш Гүлназ — 3 орын
  • Абайқызы Сымбат пен Зайда Үміт — құрмет грамоталарымен марапатталды

Ұсынылған жұмыстар қазылар алқасынан жоғары баға алып, METU студенттерінің бәсекеге қабілетті, ғылымға бейім жас маман болып қалыптасып жатқанын көрсетті.

METU университеті студенттерге және олардың ғылыми жетекшілеріне халықаралық деңгейде университет беделін арттыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.

Автор: Мусақызы Ж.