2025 жылдың 13 сәуірінде Алматы қаласында әуесқойлар арасында өткен "Vernyi Cup" мини-футбол турнирі жоғары деңгейде өтті. Аталған сайысқа қаланың әртүрлі оқу орындары мен ұйымдарынан 16 команда қатысып, шеберлік пен шыдамдылықты сынаған нағыз спорт мерекесіне айналды.
Біз үшін ерекше қуанышты жаңалық – Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің студенттері бұл турнирге қатысып қана қоймай, қарсыластарынан оқ бойы озып, бас жүлдені жеңіп алды! Жас спортшыларымыз ойын барысында ұйымшылдықты, шапшаңдықты және шынайы командалық рухты көрсетіп, әр матчта жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленді.
Бұл жеңіс – студенттеріміздің тек білім мен ғылымда ғана емес, спортта да белсенді, жан-жақты дамып келе жатқанын дәлелдейді. Команданы, бапкерлік құрамды және барлық қолдау білдірген жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймыз!
Университет мақтанышы – тек алға!