«Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында жастар саясатын дамыту, дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Үздік студент» республикалық байқауына қатысып, жеңімпаз атанған 1-курс студенті Бердикожа Акниет Галымқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Акниет «Тағам өнімдерін өндіру технологиялары және инжиниринг» білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда және өзінің белсенділігімен, білімге деген құштарлығымен ерекшеленіп келеді.
Оның бұл жетістігі – университетіміз үшін зор мақтаныш!