Главная Новости Студенттік Open Air: жатақхана маңында көңілді күн өтті!
11 Сәуір 2025                  531
Студенттік Open Air: жатақхана маңында көңілді күн өтті!

Көктемнің шуақты күнінде университет жатақханасының аумағында ерекше атмосферада студенттік Open Air іс-шарасы өтті. Бұл мереке – жастардың достығын нығайтып, белсенділігін арттыруға бағытталған ашық алаңға айналды.

Іс-шара барысында студенттер үшін түрлі қимыл-қозғалыс ойындары, көңілді конкурстар, сергітетін би бағдарламалары ұйымдастырылды. Белсенді қатысушыларға арнайы сыйлықтар мен кәдесыйлар табысталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.

Шараның ерекше сәттерінің бірі – барлық студенттер бірігіп ән шырқап, жатақхана маңын шынайы достық пен қуанышқа бөлегені болды. Сондай-ақ, студенттерге арнап дайындалған дәмді тағамдар мен сусындар да мерекенің сәнін келтірді.

Бұл күн – жастардың жылулығы мен бірлігін, ортақ құндылықтарға деген құрметін тағы бір дәлелдеген күн болды. Open Air форматы студенттер үшін тек демалыс емес, нағыз ұмытылмас естелікке айналды.