Главная Новости "Жасыл алаңдағы Open Air" – студенттік күннің шуағы!
11 Сәуір 2025                  108
"Жасыл алаңдағы Open Air" – студенттік күннің шуағы!

Өткен аптада университет жатақханасы жанындағы жасыл алаңда ерекше студенттік Open Air ұйымдастырылды. Ашық аспан астындағы бұл іс-шарада жастар түрлі қимылды ойындарға қатысып, қызықты байқауларда бақ сынады.

Қатысушылар үшін дәмді тағамдар, ән мен би, сыйлықтар және керемет көңіл-күй сыйға тартылды. Барлық студенттер бірге ән айтып, нағыз достық атмосферасын қалыптастырды.

Бұл күн – студенттік бірліктің, шығармашылықтың және көтеріңкі көңіл-күйдің символына айналды!