Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры МИТУ-де Түркиялық профессор Кутай Октайдың онлайн дәрістері басталды
15 Сәуір 2025                  268
МИТУ-де Түркиялық профессор Кутай Октайдың онлайн дәрістері басталды

Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (МИТУ) Түркияның белгілі ғалымы — профессор, доктор Кутай Октайдың онлайн-дәрістер сериясының басталғанын қуанышпен хабарлайды.

Профессор Октай — Кастамону университетінің (Түркия) туризмді басқару кафедрасының меңгерушісі, туризмді басқару және қонақ үй бизнесі саласының маманы. Ол маркетинг, туризмнің тұрақты дамуы және қонақ үй менеджменті мәселелеріне арналған 10-нан астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Оның академиялық жолы Акдениз университеті, Сакария университеті және Қырғыз-Түрік «Манас» университеті сияқты жетекші жоғары оқу орындарында оқуды қамтиды.

Дәрістердің тақырыптары:

халықаралық туризмдегі заманауи үрдістер;

қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық басқару;

туристік өңірлердің тұрақты дамуы.

Онлайн-дәрістерге қатысу — МИТУ студенттері үшін халықаралық туризм саласындағы білімдерін тереңдетуге, көзқарастарын кеңейтуге және жетекші сарапшыдан құнды кеңестер алуға бірегей мүмкіндік.