Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры METU студенттері Satbayev University-дегі олимпиадада
14 Сәуір 2025                  509
METU студенттері Satbayev University-дегі олимпиадада

METU студенттері Satbayev University – да өткен Республикалық студенттік олимпиадада 7-орын иеленді.

10-12 сәуір аралығында Satbayev University қабырғасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген жоғары оқу орындарының үздік командаларын біріктірген Республикалық студенттік олимпиада өтті. Бұл беделді шараға біздің университетіміздің студенттері де қатысып, өз оқу орнын абыроймен таныстырды. Олар 30-дан астам команданың ішінде 7-орынға ие болды.

Біздің командамыз жоғары дайындық деңгейін, терең білімін және бірлесіп жұмыс істеу қабілетін көрсетті. Қатысушылар теориялық және практикалық күрделі тапсырмаларды сәтті орындап, өз саласындағы үздік студенттермен бәсекеге түсті.

Бұл нәтиже студенттердің табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ оларды олимпиадаға дайындаған оқытушылардың қолдауының арқасында мүмкін болды. Біз студенттерімізбен мақтанамыз және республикалық деңгейде университетімізді лайықты таныстырғандары үшін алғыс білдіреміз!

Қатысушыларды осы жетістіктерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта жаңа жеңістер мен ғылыми табыстар тілейміз!