Халықаралық
инженерлік-технологиялық университеті (METU) Түркияның туризм және қонақүй
менеджменті саласының танымал ғалымы, профессор, доктор Кутай Октайдың Алматы
қаласына келіп, студенттер үшін офлайн-дәрістер
сериясын бастағанын қуанышпен хабарлайды.
Профессор
Кутай Октай — Кастамону университетінің туризмді басқару кафедрасының
меңгерушісі, туризм және қонақүй ісі бойынша халықаралық деңгейдегі сарапшы,
көптеген ғылыми жарияланымдардың авторы.
Студенттер
үшін бұл дәрістер – шетелдік маманмен тікелей тілдесіп, білімін тереңдетуге
және кәсіби көкжиегін кеңейтуге бірегей мүмкіндік.
METU университеті профессор Кутай Октайға сапары мен ынтымақтастығы үшін алғысын
білдіреді!