Главная Новости Абайдың рухы — мәңгілік мұра
21 Сәуір 2025                  69
Абайдың рухы — мәңгілік мұра

  Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде Абай апталығы басталды. Апталық аясында ұйымдастырылған алғашқы іс-шара – рухани-танымдық мерекелік кеш жоғары деңгейде өтті. Ұлы ойшылдың шығармашылығын дәріптеуге арналған бұл кеш университет студенттері мен оқытушыларының бірлескен еңбегімен өткізілді. Іс-шара барысында студенттер Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, қара сөздерінен үзінділерді нақышына келтіре жеткізді. Сонымен қатар, Абай әндері шырқалып, шағын сахналық көріністер қойылды. Бұл кеш жастардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, оларды Абай мұрасын тереңірек тануға, ұлттық құндылықтарға құрметпен қарауға бағыттады.