METU студенттері табиғатпен етене байланыста болу үшін Шарын шатқалы, Қара шатқал және Колсай көлдерін қамтыған ерекше турға аттанды. Бұл сапар – жас ізденушілерге шабыт пен сергектік сыйлаған жарқын оқиға болды.
Әрбір локация өзіндік сұлулығымен баурады: Шарын шатқалының қия беткейлері, Қара шатқалдың тылсым тұстары мен Колсай көлдерінің айнадай беті көпшілікке ерекше әсер қалдырды. Тур барысында студенттерге арналған көңілді сайыстар, шығармашылық ойындар мен шоу бағдарламалар ұйымдастырылып, белсенді демалыс пен достық рухы үстемдік құрды.
Бұл сапар – студенттердің өміріндегі ұмытылмас сәттердің бірі ретінде тарихта қалады.