Главная Новости METU-де талапкерлер мен мектеп делегацияларына арналған «Open Day – 2025» ашық есік күні өтті
25 Сәуір 2025                  744
METU-де талапкерлер мен мектеп делегацияларына арналған «Open Day – 2025» ашық есік күні өтті

2025 жылғы 25 сәуірде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінде (METU) дәстүрлі «Open Day» кәсіби бағдар күні өтті. Іс-шараға Алматы қаласы мен аймақтардан келген талапкерлер, ата-аналар, мектеп мұғалімдері мен білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қонақтарға оқу аудиториялары мен зертханалар бойынша экскурсиялар ұйымдастырылып, кафедра меңгерушілері мен оқытушылардан тікелей кеңес алу мүмкіндігі берілді. Университеттің білім беру бағдарламалары таныстырылып, қабылдау шарттары, гранттар мен оқу ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Шара барысында практикалық бағыттағы оқу бағдарламаларына, заманауи IT және инженерлік мамандықтарға, халықаралық мүмкіндіктер мен түлектердің мансаптық өсу жолдарына ерекше назар аударылды.

Мәдени бөлімде сыйлықтар ұтысы, интерактивті алаңдар және студенттік ұйымдардың концерттік бағдарламасы өтті.

METU университеті іс-шараға қатысқан барлық қонақтарға алғыс білдіреді және бұл күннің жастардың мамандық таңдауына оң әсер еткеніне сенім білдіреді.

Автор: Мусақызы Ж.