Қазақстан
Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен
сыйлықтарды табыстау салтанатында сөйлеген сөзінде (https://www.akorda.kz/ru/vystuplenie-prezidenta-kasym-zhomarta-tokaeva-na-torzhestvennoy-ceremonii-vrucheniya-gosudarstvennyh-nagrad-i-premiy-2492626)
жастарды патриот болуға, білімді, еңбекқор, үнемшіл, әділ, бейжай емес тұлға
болуға, дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға, жақсыны үйренуге
және жаманнан бой тартуға, Абай айтқан бес нәрседен аулақ болып, бес нәрсеге
ұмтылуға шақырды.
Осыған байланысты 2025 жылғы 24 сәуірде «Қазақстан тарихы» пәні аясында тәуелсіз Қазақстан кезеңін оқып жатқан орыс бөлімінің 1-курс студенттері Мемлекет басшысының сөзін зерделей отырып, рефлексия жүргізіп, мынадай тапсырманы орындады:
1. Абай айтқан аулақ болу керек бес
нәрсе мен ұмтылу қажет бес нәрсені еске түсіріп, жазыңыз.
Студенттердің жауаптары олардың Абай Құнанбаев шығармаларын білетінін дәлелдеп, өз ойларын сараптап, рефлексия жасай алатындарын көрсетті. Олар еңбекқорлыққа, адалдыққа, білімге, кішіпейілділік пен әділетке ұмтылу қажет екенін, ал жалқаулық, өтірік, көреалмаушылық, менмендік пен ысырапшылдықтан аулақ болу керек екенін атап өтті. Сонымен қатар, олар Мемлекет басшысының үндеуіне қатысты өз іс-әрекеттерін сипаттап, Жаңа Әділетті Қазақстанды құрудағы жастардың рөлін нақтылап көрсетті.