Қазақстанның белгілі драматургі Әлімбек Оразбековтің «Бір
түп алма ағашы» атты тағылымды қойылымын METU университетінің
профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері бірлесіп тамашалады. Шараға
университет ректоры да арнайы қатысып, оқу орнының рухани-мәдени өміріндегі
маңызды оқиғаға айналды.
Қойылым — ата-ана мен бала, ұрпақтар сабақтастығы мен
адамгершілік мәселелерін терең қозғайтын көркем туынды. Көпшілікке терең ой
салып, тәрбиелік мәні зор әсер қалдырды. Университет ұжымы мен білім алушылар
рухани құндылықтарды дәріптейтін бұл кештен үлкен әсер алып, тәрбиелік мазмұны
бар көркем өнердің маңызын тағы бір мәрте сезінді.
METU білім берумен қатар, студенттердің тұлғалық дамуына,
эстетикалық тәрбиесіне де ерекше мән беріп келеді. Алдағы уақытта да осындай
рухани-мәдени іс-шаралар жалғасын табады.