2025 жылғы 11 мамырда Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің (METU) базасында "OkBolashak" оқу орталығымен серіктестікте 2025 жылғы талапкерлерге арналған қорытынды сынақ ҰБТ өткізілді. Іс-шараға 300-ге жуық мектеп бітіруші қатысты.
Бұл тестілеу негізгі ҰБТ-ға дайындықтың соңғы кезеңі болды. Әр аудиторияда METU университетінің маркетинг және кәсіби бағдар беру департаментінің мамандары мен студенттері кәсіби бағдар жұмысын жүргізді. Олар талапкерлерге METU-дегі білім беру бағдарламалары, оқуға түсу мүмкіндіктері және студенттік өмір туралы өз тәжірибелерімен бөлісе отырып ақпарат ұсынды.
2025 жылғы талапкерлерге алдағы ҰБТ мен болашақ мамандық таңдауларында сәттілік тілейміз!
Автор: Мусақызы Ж.