Главная Новости METU EDTECH білім беру орталығының бітіру кешіне қатысты
19 Мамыр 2025                  624
METU EDTECH білім беру орталығының бітіру кешіне қатысты

2025 жылғы 18 мамырда Халықаралық инженерлік-технологиялық университеті (METU) EDTECH білім беру орталығы ұйымдастырған салтанатты бітіру кешіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Шараға түлектер, ата-аналар, ұстаздар және ЖОО өкілдері шақырылды.

METU өкілдері талапкерлермен жылы және сенімді қарым-қатынаста тілдесіп, университет туралы ақпарат берді. Сондай-ақ кеш барысында METU мен EDTECH арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері, соның ішінде болашақ білім беру жобалары талқыланды.

METU ұжымы EDTECH орталығына ерекше кеш пен талапкерлермен әсерлі кездесуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.

Автор: Мусақызы Ж.